$ 521.01  603.43  6.42

«Әке болудың не екенін толық сезінген жоқсың»: Танымал актер арманын ашық айтты (ВИДЕО)

Актердің айтуынша, қазір оның үш ұлы бар, алайда жүрегінде қыз тәрбиелеуді де қалап жүр.

Видеодан кадр: Youtube/Janar Baisemiz
Видеодан кадр: Youtube/Janar Baisemiz

Танымал актер Рүстем Жаныаманов YouTube-тегі "Мамский әңгіме" подкастында қонақ болып, әкелік сезім, қыз баланың отбасыдағы орны және өз арманы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актердің айтуынша, қазір оның үш ұлы бар, алайда жүрегінде қыз тәрбиелеуді де қалап жүр.

"Құдай үш ұл берді. Әрине, алдағы уақытта қызды да көрсем деген арман бар. Бір досым бар, үш қызы бар. Ол маған: "Сенде ұлдар ғана, әке болудың не екенін әлі толық сезінген жоқсың" деп айтады. Сол сөзді ойлап, қызды тәрбиелеу сезімін де білгім келеді. Бірақ кейін өзіме: "Қызым болмаса да, ертең үш келінім болады. Олар – менің қыздарым" деп жұбатамын. Сондықтан Аллаға шүкір", – деді актер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары