$ 519.41  600.85  6.41

«Сенбеңіздер»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі халыққа шұғыл үндеу жасады

Сақ болуларыңызды сұраймын! 

Фото: beksports.kz
Фото: beksports.kz

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары көпшілікке шұғыл түрде үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуына қарағанда, атынан ашылып жатқан қордың бәрі - жалған:

- Қадірменді халқым! Егер менің атымнан, менің интервью фрагменттерін, фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін. Мен Президентке үндеу жасадым, тергеудің объективті болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ, маған ақша жинау немесе қор ашуды сұраған жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын! 
Халқыма рақмет айтамын! - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 48
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары