Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға өкпелеп отырғанын байқауға болады.
Әнші Ақбота Керімбекова туған күніндегі қызықтарын оқырмандарымен бөлісіп, желіге жүктеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өнердегі әпкесі Жанар Айжановамен түскен видеосын жариялады. Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға өкпелеп отырғанын байқауға болады.
"Осылар менің туған күнімді ұмытып кеткен негізі. Осыларды да әріптестер деп айтады негізі. Біреуі құттықтаған жоқ қой. Нашар адамдар бар ғой", - деді Ақбота Керімбекова.
Алайда кадр соңында Жанар Айжанованың туған күн иесін құттықтап, 20 мың теңге сыйлығын бергенін байқауға болады.
"Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Кеше Сыр елінде @an_men_anshi.kz - нің гастрольдік сапары басталғаны белгілі. Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық. Жасай беріңіз, Жанар Айжанова", - деп жазды ол.