"Кәмшат бұрынғыдай жарқырап жүретін кезі жақсы еді".
Танымал әнші Камшат Жолдыбаева мен оның жұбайының бірге серуендеп жүрген сәтінен жарияланған фото-видео әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары кадрлардан Камшаттың күйеуі оған сәл салқындау қарайтын секілді көрінгенін атап өткен.
Пікір білдірушілер екіге бөлінді. Бір топ:
"Неге сонша салқын қарап тұр?", "Кәмшат бұрынғыдай жарқырап жүретін кезі жақсы еді", "Күйеуі салқын қарайтыны көрініп тұр",-деп жазса,
екінші тарап керісінше әнші мен оның жарын қорғап:
"Қызықсыңдар, күлсе – күлкісі ұнамайды, салқын тұрса – тағы сын. Ең бастысы, екеуі бақытты болса болды", - деп жұртқа ескерту жасаған.