$ 505.53  593.44  6.34

«Мальдив аралдарына кеткен»: Қайрат Нұртастың отбасы келеңсіз жағдайға тап болды (ФОТО)

Бұл жайлы 3 қаңтарда отбасындағы ортаншы қыз — Алау Нұртас Instagram парақшасында хабарлады.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімовамен және бес баласымен бірге Мальдив аралдарына демалысқа аттанды. Жұлдызды отбасының бұл сапары әлеуметтік желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең көп талқыланатын отбасылардың бірі жаңа жылдық демалысты Үнді мұхитындағы Мальдив аралдарында өткізуді жөн көрген. Бұл жайлы 3 қаңтарда отбасындағы ортаншы қыз — Алау Нұртас Instagram парақшасында хабарлады.

Ол сапардың оңай болмағанын атап өтті:

«Біраз уақыт желіге шықпағанымның себебі — Мальдивке ұшу. Көп уайымдадық, үлгермей қала жаздадық. Ал келген соң мүлде жағымсыз жағдай болды», — деп жазды Алау Stories-те.

Алайда ол орын алған оқиғаның толық мән-жайын кейінірек бөлісетінін айтты. Бұл сөздер желі қолданушыларының қызығушылығын одан әрі арттырды.

Соған қарамастан, Нұртас әулетінің демалыстан алғашқы суреттері мен видеолары Instagram-да жарияланды. Алау Мальдивтің әсем табиғатын көрсететін кадрлар салып, «керемет фото мен контент күтіңіздер» деп жазды.

Ал Қайрат Нұртас ұлы Нарұлмен түскен бейнероликті бөлісіп, отбасылық демалыстың шат көңілде өтіп жатқанын көрсетті.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының шетелдік демалысын қызу талқылап, олардың отбасылық татулығына жылы пікірлерін білдіруде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 21
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары