"Мен енді барлығына ұнағым келмейді". .
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова соңғы бір жылда өмірінде болған жеке өзгерістермен бөлісті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ашық жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, бүгінде өзін бұрынғыдан әлдеқайда үйлесімді әрі сабырлы сезінеді. Әсел жалғыздыққа, қарым-қатынасқа және өз құндылығына деген көзқарасын қайта қарағанын атап өтті.
"Өткен жылдың басты сыйлары —
мен жалғыздықтан қорқуды қойдым.
улы қарым-қатынас бар екенін сезсем, оған жабысып қалмаймын, өйткені жалғыз қалудан деген қорқыныш жоғалды.мен енді барлығына ұнағым келмейді.
өз құндылығым әдемі түрде қалыптасып келеді, әрі «менің адамдарым емес» жандардың мақұлдауы үшін уақытым мен энергиямды сатқым келмейді.өмірімде түрлі жетістіктерді бастан өткердім, ал өткен жылы шынайы жетістік — бұл сау жүйке жүйесі, сау дене және жан тыныштығы екенін түсіндім.
шын мәнінде, өмір бойы жұмыс істеуге тұрарлық нәрсе — осы.ауырсынуды бастан өткеру арқылы ақиқат туады.
ақиқат арқылы өмірді түсінесің.
өмірді түсінгенде — оны қабылдай бастайсың.
қабылдау артқан сайын, бақыт пен үйлесім де көбейеді.мен ақыры өте қатаң жеке шекараларымды құра бастадым.
бұның ішкі тіректің, ішкі мықтылықтың негізі, іргетасы екенін түсіндім.
шекараларым неғұрлым анық болса — өзіме деген сенімім де, ішкі тыныштығым да соғұрлым артады.көптеген иллюзиялар кетті.
әуелде — мұң болды, кейін — қуаныш.
мұң, өйткені шындықпен енді бірдеңе істеу керек,
ал қуаныш — сол иллюзиялармен бірге өзіме деген қатаңдық пен асыра күткен үміттердің кеткенінен.
тіпті дем алу жеңілдеп қалғандай болды.өзіммен терең жұмыс істеудің арқасында сезімталдығым артты, сонымен бірге интуициям да күшейді.
қазір барлық жағдайда өзіме шын мәнінде сенуді үйреніп жүрмін.
бұл толқынысты, бірақ керемет күй,
өйткені мен ең бастысы — ӨЗІМДІ ести бастадым.
Сондай-ақ ол өз-өзімен және жақын адамдарымен бірге болғанда өзін жайлы сезінетінін айтты. Актриса енді барлығына бірдей ұнауға ұмтылмайтынын да жасырмады.