Желіде түрлі пікірлер жазылып, қызу пікірталас басталды.
Қазақстандық актерлер Ақбота Нұр мен Аян Өтепберген жаңа фильмнің қарсаңында өткен фотосессиядан кейін көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әлеуметтік желіде, әсіресе Instagram платформасында жарияланған видеолар мен кадрлар желі қолданушыларының назарын бірден аударды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Кей көрермен актерлер арасындағы экраннан тыс байқалған «химияға» тәнті болып, олардың кәсіби шеберлігін жоғары бағаласа, енді біреулер фотосессия кезіндегі жақын қарым-қатынасты ерсі көрген. Желіде түрлі пікірлер жазылып, қызу пікірталас басталды.
Кей қолданушылар:
«Аянның әйелі қалай қызғанбайды?», «Әркімге жабысып түсе береді екен», «Мен мұндайды түсіне алмадым»,«Неге сонша жабысады»,– деп пікір қалдыруда.
Сонымен қатар актерлерді қорғап, бұл тек шығармашылық жоба аясындағы кәсіби жұмыс екенін атап өткендер де аз емес.