27.01.2026, 11:20

«Балабақша ғой мынау»: Жігер Ауыпбаевтың кішкентай сүйіктісі көптің сынына ұшырады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Дап-дардай еркектің істеп отырғанын қара". 

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен өзінен 15 жас кіші сүйіктісінің видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрда қыздың жігітке «Мен тарақан болсам да жақсы көресіз бе?» деп сұрақ қойған сәті көрсетіледі.

Олардың сөйлесу мәнері мен қылықтары көпшіліктің наразылығын тудырды.

Желі қолданушылар түрлі пікір қалдырып, жұпты сынап тастады.

Олар Жігердің әрекетін түсінбейтіндіктерін жазуда.

"Дап-дардай еркектің істеп отырғанын қара", "Мынау садик сияқты", "Ұят емес пе?", "Әлі сана кірмеген бөпе ғой", "Мынаумен өспек түгіл скоро өшесіңғой. Ой-өрісі осы жерде тоқтап қалған", "Баламен алысып жүр", "Қуады екеуі де", - деп жазды оқырмандар.