27.01.2026, 17:00

«Нағыз аңыз!»: Баян Алагөзова Роза Рымбаеваға ерекше баға берді

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Ең үлкен жұлдыз саханада.

2026 жылдың ақпан айында қазақстандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаева Алматы қаласында мерейтойлық концерттерін өткізеді. Осыған орай продюсер әрі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова Instagram желісі арқылы әншіге көпшілік алдында үн қатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

52 жастағы продюсер Роза Қуанышқызының өзіне арнайы шақырту жасағанын айтып, алғысын білдірді.

«Роза Қуанышқызы мені концертке шақырды, рақмет! Өкінішке қарай, өзім бара алмаймын. Бірақ анамның барғанын қатты қалаймын. Билеттер сатылымда. Ең үлкен жұлдыз сахнадағы 50 жылдығын атап өтпек!» – деп жазды Баян Алагөзова 2026 жылдың 26 қаңтарында Stories бөлімінде.

Сондай-ақ ол 68 жастағы Роза Рымбаеваға қарата: «Бұл – нағыз аңыз!» – деп ерекше ықыласын білдірді.

Айта кетейік, Роза Рымбаева биыл сахнадағы 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл концерттер отандық эстрададағы ең ауқымды мәдени оқиғалардың бірі болмақ.