Әке болған түрінен...
Блогер Елдостың ұлына деген әкелік мейірімі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін толқытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол баласына деген сезімін әзіл мен шынайы эмоция арқылы білдіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Оқырман: “Еміренсе сүт шығып кетейін деп тұр ғой”, “Әке болған түрінен”, “Балапандарының саны көбейсін”, Өте қатты жақсы көрме зейінің түседі, балаң өмірлі де бақытты бала болсын", "Қайным айтып еді. Құдайдан сұрап алған баласына еміреніп отқанда. Әттең өзімнен сүт шықпайды. Шықса ешкімге жалынбай өзім ақ емізер едім деп! Сол болып тұр ғой!",- деп ізгі тілектерін жаудырып жатыр.