28.01.2026, 16:20

«Армандарымның көбі орындалды»: Ерке Есмахан отбасылық өмірімен мақтанды (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

"Қалған армандарымның орындалуы үшін сен аман бол, сүйіктім Райм". 

Танымал әнші Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы демалыстан жылы әрі әсерлі отбасылық суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

27 қаңтар күні өнер иесі Instagram парақшасында жолдасы, Raim лақап атымен танымал Раймбек Бақтыгерееевтен туған екі ұлымен бірге түскен фотоларын жариялады. Суреттерде әнші теңіз жағасында балаларымен бірге бақытты сәттерін өткізуде.

Желі қолданушыларымен әсерлі жазбасын да бөліскен Ерке:

«Армандарымның басым бөлігі орындалған жанмын, шүкір!

Суреттегі құшағымдағы екі ұлым, жүрегімдегі жігіт болған Муслимім – баға жетпес байлықтарым.

Қалған армандарымның орындалуы үшін сен аман бол, сүйіктім Райм.

Жаратушының сұлу нығметі – мұхиттың жағасында балаларыңызбен бірге ақ құмды басып, күліп-ойнап жүру бақыты баршаңызға бұйырсын», – деп жазды ол.

Жанкүйерлердің көбі әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, отбасына бақыт пен амандық тіледі. Алайда, әншіні тым көп мақтанады деп айтып, сөккендер де болды.