"Әкеме бір кездері өкпем болға".
Танымал актер, ақын, продюсер Рамазан Аманьай журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әкесі туралы сөз қозғап, көз жасына ерік берді.
"Әкеме бір кездері өкпем болған. Ол кездер өтіп кетті. Қазір ешқандай реніш жоқ. Ол менің балалығымнан болды. Мен қанша жерден елдің алдында жарқырап жүрген шығармын. Бірақ ол кісі сияқты бола алмаймын. Әкемді орынсыз айыптап, бетіне ауыр сөз айтып қойған кезім болды. Адам ата-анасына ренжи ме? Қазіргі ата-ананы кешіру деген практикаларға қарсымын. Хан болғаны емес, бар болғаны маңызды. Қазір көз алдыпда шөгіп бара жатқандарын көріп, жүрегім тілінеді", - деді актер.