"Актрисаның өмірі басқа мамандарға қарағанда көптеген ерекшеліктерімен көрініс береді".
Қазақстандық актриса әрі әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбет өз мамандығының қыр-сыры туралы айтып, жаңа кино жобасынан кадрлар көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің ашық және біртүрлі образдарын сынағандарға жауап берді. Ақбота Сейтмағамбет әр жаңа кейіпкерді сомдау үшін үнемі өзгеруге тура келетінін айтты. Оның сөзінше, өзгерістер тек ішкі жан дүниесінде ғана емес, сыртқы келбетінде де болады.
Рөл үшін Ақбота түрлі образдарды байқап көріп, күнделікті өмірде батылы жете бермейтін деңгейде сырт келбетін түбегейлі өзгертеді.
"Актрисаның өмірі басқа мамандарға қарағанда көптеген ерекшеліктерімен көрініс береді. Әдеттегі өмірде батылдық ете алмайтын таңдауларды дәл осы жерде екіленбей қолға алуыңа тура келеді. Естеріңізде болса менің шаш үлгім, образдарым осымен бірталай өзгеріс алды көз алдарыңызда. Бірде қарапайым, ізгі жан, ал бірде сәнқой әрі қытымыр кейіпкерлерді сомдаумен жұмысымда алма-кезекпін. Осы дүниелер өзіме де қызық… әртүрлі тағдырларды тіпті сыртқы образдары ерекше аша түседі. Бүгін тағы бір жаңалығымның бейнесі осылай ұйғарылды. Назарларыңызды Боташканың әр шыққан белесінен бұрмаңыздар қымбатты көрермендер!", - деп жазды өнер иесі.