$ 489.17  576.63  6.38

«Кетші, тілімді қышытпай»: Емге жіберілген Ерболат Құдайберген хейтерлеріне жауап берді (ВИДЕО)

"Интервьюге шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге орналастырылған әнші Ерболат Құдайберген өзіне айтылған сындарға жауап ретінде жаңа әнін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі сұхбат беріп, артық әңгімеге бармайтынын айтып, ойын шығармашылығы арқылы жеткізуді жөн көргенін жазды. Ол шынайы алаңдап, қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс айтып, «Ләтір-ләй» атты туындысын өз атымен жалған видеолар таратқан және сын айтқан желі қолданушыларына арнағанын жеткізді.

«Интервьюге шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақ көңілді, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз.

«Ләтір-ләй» хейтерлер мен көз жетпестен менің атыммен видеоны шығарып отқан парақшалардың иелеріне арнаймын», — деп жазды әнші.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде әншінің мас күйде жүргені түсірілген бейнежазба тараған болатын. Полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тыныштықтың бұзылғаны туралы шағым түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары оның агрессивті мінез танытып, айналасындағыларға қолайсыздық тудырғанын мәлімдеді.

Нәтижесінде әнші 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Полиция өкілдерінің айтуынша, ол бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0