$ 489.17  576.63  6.38

«Ораза айында үміт сыйлайық»: Димаш Құдайберген көпшілікке маңызды үндеу жолдады (ВИДЕО)

Рамазан кезінде бәріміз үйдің жылуын аңсаймыз – ол қауіпсіздік пен тыныштықтың, бірліктің белгісі.  

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) Ізгі ниет жөніндегі жаһандық елшісі, қазақстандық әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында маңызды видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өз үндеуінде ол қасиетті Рамазан айында қақтығыстар мен табиғи апаттардың салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға көмектесуге шақырды.

«Рамазан кезінде бәріміз үйдің жылуын аңсаймыз – ол қауіпсіздік пен тыныштықтың, бірліктің белгісі. Бірақ миллиондаған отбасы үшін “үй” – қайта оралатын орын емес. Олардың үйлері соғыс пен табиғи апаттардан қирады. Естеліктері оларды қорғап тұрған қабырғалармен бірге қирап қалды. Осы Рамазанда біз бұл отбасыларға жаңа өмір бастауға көмектесе аламыз. Сіздердің зекет немесе садақаларыңыз баспана, қауіпсіздік және әр отбасы аңсайтын ең басты нәрсе – қайта оралатын үй сыйлай алады. Қолдан келгенше бүгін-ақ көмек көрсетіңіздер», – деді Димаш Құдайберген.

Ол бүкіл адамзатты өзі және Халықаралық көші-қон ұйымы-мен бірігіп, осы Рамазан айында мұқтаж отбасыларға үміт сыйлауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0