$ 494.66  581.87  6.43

«Темекі шеккеніне қарағанда жағдайы жақсы»: Жүрсін Ерманның жатысы талқыға түсті (ВИДЕО)

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікірді жаудырды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Ақын Нұрлан Есенқұлов желідегі парақшасында айтыс өнерінің патшасы Жүрсін Ерманға өлең жолдарын оқып берген сәтін салған. Алайда көпшіліктің көзі Жүрсін Ерманның қолындағы шылымға түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Кейкі батыр атамызға арнап жазған Жүрсін ағамыздың өз өлеңін өзіне оқып бердім. Өкінішке орай, видеоға қысқа ғана түсіріліпті. Төмендегі өлеңнің толық нұсққасын бір оқып шығыңыздар", деп жазған Нұрлан Есенқұлов. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікірді жаудырды. 

"Темекінің күлі түсіп кете ме деп қорықтым", "Атамызға қалай шексе де жарасады", "Темекі тартқанына қарағанда жағдайы жақсы ғой", "Темекісін тартып болғанша күтуге болмады ма", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0