$ 491.29  562.92  6.1

«Барлық жақсыға лайық»: Танымал тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімованың мақтауын асырды

Ол Қайрат Нұртастың әйелін асыра мақтады. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Жұлдыз Әбдікәрімова туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол Қайрат Нұртастың әйелін асыра мақтады. 

"Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағында қонақта болдық.  Қоныс той, ауызашар – бәрі бір күнге сәйкес келіп, ерекше кеш болды.

Кішкентай Рабия Сұлтанды да алғаш рет көрдік. Неткен тәтті бала! Аман болсын. Осындай мейрамдардың бәрі Жұлдыздың үйінде қатар келгені қандай керемет.

Жұлдыз барлық жақсыға лайық жан ғой: сұлу, талантты актриса, бес баланың аяулы анасы. Қонақ болып, ас дәмін татып, қуанышты сәттеріңізге куә болғанымызға өте қуаныштымыз. Балаларыңыздың қызығы мол, шаңырақтарыңыздан бақыт пен береке ешқашан кетпесін", - деп жазды Айгүл Мүкей. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0