$ 479.82  559.9  6.15

Баян Алагөзова күйеуінің биін қайталаған жандарға қомақты ақша бермек (ВИДЕО)

Қысқа уақыт ішінде видео миллионға жуық қаралым жинап, әлеуметтік желіде кең тарап, тіпті әзілге толы трендке айналды.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Баян Алагөзова әлеуметтік желіде ерекше байқау жариялап, жұртты белсенділікке шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсердің айтуынша, жолдасы Тұрсынғали Алагөзов билеген биді дәл қайталау оңай емес.

Соған қарамастан, ол батыл қатысушыларға қомақты сыйақы ұсынды.

«Бұл биді айнытпай орындау мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ, бәлкім, мен қателесіп тұрған шығармын? Жүлде — 500 мың теңге. Бейнені TikTok-қа #алагузоводинводин хэштегімен жүктеңіздер», — деп жазды ол Instagram сторисінде.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер өз парақшасында 15 секундтық бейнеролик жариялаған болатын. Онда ол араб әуеніне ерекше стильде би билеп, көпшіліктің назарын аударды. Қысқа уақыт ішінде видео миллионға жуық қаралым жинап, әлеуметтік желіде кең тарап, тіпті әзілге толы трендке айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0