$ 473.13  554.08  6.13

«Қартаймайтын не сиқыры бар?»: Мадина Садуақасова сұлулығымен елді тәнті етті (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншінің келбетіне сүйсініп, оның жасынан әлдеқайда жас көрінетінін жарыса жазуда.

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова соңғы уақытта сұлулығымен көпшіліктің ерекше назарын аударып жүр. Өнер иесінің жаңа фотолары мен бейнелері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер тарапынан жылы пікірлерге ие болуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары әншінің келбетіне сүйсініп, оның жасынан әлдеқайда жас көрінетінін жарыса жазуда. “46 жаста болса да, өте жас көрінеді”, “Күннен-күнге құлпырып бара жатыр”, “Сұлулығы бұрынғыдан да арта түскен” деген пікірлер жиі кездеседі.

Көпшілік Мәдина Сәдуақасованың өзін күтуі, өмір салты мен позитивті энергиясы оның сыртқы келбетіне де әсер етіп отырғанын атап өтуде. Әнші әрдайым стильді образымен, табиғи сұлулығымен және сахнадағы харизмасымен ерекшеленіп келеді.

Өнер иесінің мұндай өзгерісі жанкүйерлерін қуанта түсіп, оны қазақстандық шоу-бизнесіндегі ең сұлу әрі әрдайым формада жүретін жұлдыздардың бірі ретінде тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0