$ 473.13  554.08  6.13

«Өзін легендалардың қасына қосып қойыпты»: Мөлдір Әуелбекова жазбасымен күлкіге қалды

Алайда бұл пікір желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қоймады.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін қазақ эстрадасындағы аңыз әншілермен қатар атағандай әсер қалдырып, ел ішінде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі гастрольдік сапарға бүкіл Қазақстанды аралап, жеке концерт беретін қыз әншілердің саны аз екенін айтып, нақты есімдерді келтірген.

«Гастрольдік сапарға бүкіл Қазақстанды аралап қыз әншілерден жеке концерттермен санаулылар ғана шығады екенбіз. Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Роза Әлқожа, Наркенже және мен. Неге?» – деп жазды әнші.

Алайда бұл пікір желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қоймады. Көпшілік әншінің өзін халық әртістерімен бір қатарға қойғанын сынға алды.

Пікір жазғандардың бірі: «Самооценка мықты, өзін легендалардың қасына қосып» – деп мысқылдаса, тағы бірі: «Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Дильназ Ахмадиева… толып жатыр ғой. Өзіңе көп алып қойған сияқтысың» – деп жазған.

Дегенмен әншіні қолдағандар да табылды. Кейбір желі қолданушылары оның гастрольдік концерттерінің сұранысқа ие екенін айтып, «Әніңіз көп болғандықтан, хит болғандықтан» деп пікір білдірген. Әлеуметтік желідегі бұл жазба аз уақыттың ішінде кең таралып, Мөлдір Әуелбекованың мәлімдемесі шоу-бизнес төңірегіндегі қызу талқыға айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0