Онда түрлі ыңғайсыздықтар болып, бөтен медбраттар кіріп-шығуы мүмкін.
Айтыскер Мұхамеджан Тазабек 7-ші рет әке атанған әнші Төреғали Төреәлінің перзентханада жұбайының жанында болғанына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде оқырманы сұрақ қойғаннан кейін ақын бұл тақырыпты кеңінен талқылады. Оның айтуынша бұрынғы қазақ қоғамында әйелді босандырумен тек жанашыр әжелер мен аналар айналысқандықтан еркектер бұл процеске жақындамаған. Дегенмен қазіргі медициналық мекемелердегі жағдай мүлде бөлек екенін мәлімдеді.
«Кеше бір бауырым Төреғалидің әйелі босанғанда қасында болғаны дұрыс па деп сұрады. Қазіргі перзентханаларда не болып жатқанын білмейсің. Онда түрлі ыңғайсыздықтар болып, бөтен медбраттар кіріп-шығуы мүмкін. Сол жерде келінге қиындық тудырғанша күйеуі қамқор болып, қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауға атсалысқаны дұрыс деп ойлаймын», – деді Мұхамеджан Тазабек.
Еске сала кетейік, жақында әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын қыз баланы дүниеге әкелді. Осылайша танымал өнер иесі 7-ші мәрте әке атанды.