Айта кетейік, әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында дуэт айту украиналық өнерпаздың өтініші екенін айтқан болатын.
Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас тыңдармандарын күтпеген жаңалықпен қуантты. Әнші украиналық танымал орындаушы Светлана Лободамен (LOBODA) бірлесіп дуэт жазып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы қос өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшаларында аңғартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Loboda Instagram-дағы жазбасында қазақ тыңдармандарына арнайы үндеу жасап, «Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт — жақын арада» деп жазды.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап, қос жұлдыздың шығармашылық тандемін тосын әрі халықаралық деңгейдегі жарқын коллаборация деп бағалап жатыр. Әзірге әннің атауы мен шығу күні ресми жарияланған жоқ. Дегенмен, бұл дуэт Қайрат Нұртастың халықаралық деңгейдегі тың қадамы болуы мүмкін деген пікірлер айтылуда.
Айта кетейік, әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында дуэт айту украиналық өнерпаздың өтініші екенін айтқан болатын.