"Төреғали, былай қалсын! Біз риза болдық қой!”.
Төреғали Төреәлінің Атыраудағы фанаты әншіні көргенде ерекше әсерге бөленген сәті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншіні көлікте көрген фанатының қуанышы шексіз болды.
Жас қыз эмоциясына ие бола алмай, әншінің алдында ризашылығын білдірді.
Желі қолданушылары: “Ойбай, Төреғали, былай қалсын! Біз риза болдық қой!”, "Көңіліміз көтеріліп қалды", "Эмоциясын жасыра алмайтын қыз екен", "Фанат болсаң, осындай фанат болу керек қой", "Жүрегі жарылып кетер ме екен ойпырмай", - деп әзілдеуде.