$ 471.45  547.21  6.63

«Сүйінші, қазақ елі!»: Сәкен Майғазиев досы Мейрамбектің қуанышын жария етті (ФОТО)

Сәкен Майғазиев әріптесі мен досының қуанышына ортақтасып, Мейрамбек Беспаевтің қазақ өнерінің дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті.

Фото: saken_maigaziyev парақшасынан
Фото: saken_maigaziyev парақшасынан

Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды. Бұл жайлы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

22 мамырда Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлыққа сәйкес мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапаттарды Аида Балаева табыстады.

Сәкен Майғазиев әріптесі мен досының қуанышына ортақтасып, Мейрамбек Беспаевтің қазақ өнерінің дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті.

"Сүйінші, Қазақ елі! Мейрамбек досым "Парасат" орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0