$ 484.78  558.66  6.6

«Бір қабырға ғана бөліп тұрды»: Айгүл Иманбаеваның күйеуі әншімен таныстығы туралы айтты

Айгүл Иманбаева бұл кездесудің кездейсоқ болмағанын айтты. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуімен қалай танысқандарын алғаш рет айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. . 

Айтуынша алғаш рет Нью-Йорк қаласында кездестірген.

"Біз 2 жылдан астам уақыт бұрын Нью-Йоркта таныстық. Жаңа жыл қарсаңы болатын. Мен Нью-Йоркқа қызыммен бірге Рождествоны қарсы алуға, достарыммен кездесеуге келемін. Олар Айнура және Ума деген екі апалы-сіңілі. Олар бір-бірімен көрші тұрады. Біз қызым Аружан екеуміз Айнураның үйіне орналастық. Нью-Йорктағы әдемі жерлерді көруге бардық. Айгүл Уманың үйіне орналасқан. Бізді 1 қабырға ғана бөліп тұрса да бір-біріміз жайлы ештеңе білмедік. Тек 31 желтоқсан күні ғана кездестік", - деді жары Ерлан.

Айгүл Иманбаева бұл кездесудің кездейсоқ болмағанын айтты. 

"Мен ол кезде өзім Лондонда оқимын. Уманың үйіне ұлыммен және келініммен келдім. Ал Ерлан Лос-Анджелесте тұрады. Ал қызы Аружан Лондонда оқиды. Солай 1 апта бойы бір-бірімізбен көрші жатып, бір-бірімізді көрмейміз. Дәл 31 желтоқсан күні кездесеміз. Мен бұны тағдыр деп айтар едім. Алла Тағала әр адамның маңдайына тағдырын өлшеп сызып жазып береді дейді. Бізге кездесуді Нью-Йоркта бұйырған екен", - деді әнші. Оқырмандар өнер иесіне бақыт тілеп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0