“Қайта туылған күн".
Елордалық мектеп директоры, танымал блогер Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұлырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол желідегі парақшасында жол апатынан бейнежазба жариялаған. Кадрлардан екі көліктің зақымданғанын және оқиға орнына келген полиция қызметкерлерін көруге болады. Бейнежазбаға қарағанда, Ақмоншақ Нұртаза жеңіл жарақат алғанымен, оған медициналық көмек көрсетілген.
–“Қайта туылған күн.
Аман болайық.
Бір алла сақтады.
Маған түкіріп қоясыздар ау”, – деп жазды ол жарияланымға.
Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза – мектеп директоры әрі танымал блогер. Оның Instagram парақшасына 300 мыңға жуық адам жазылған. Сондай-ақ ол Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауының жеңімпазы атанған.