"Бұл маған мүлде маңызды емес".
Танымал актер Жүсіп Ақшора отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында осы күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, атақ пен марапат ол үшін басты құндылық емес.
«Бұл мүлде маңызды емес. Біреудің маған атақ бергені керек емес. Тіпті “Халық әртісі” атағының да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, суретке түсіп, “Ассалаумағалейкум” деп құрмет көрсетсе — сол жеткілікті. Нағыз халық әртісі деген сол», — деді актер.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер адамдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтар алған болатын. Марапат иелерінің қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар.
Сол кезде әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актерлері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік награда алмағанын жарыса жазған еді.