18.06.2026, 12:40

«Жыл сайын бірдеңе шығарады»: Төреғали Төреәлінің стадиондағы қылығы көпті шошытты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Алайда тәлтіректеп, қолынан микрофон түсіп кеткенін байқаған жанкүйерлер оның ішіп алғанын айтып, желіні шулатуда. 

Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі "Қайрат" пен "Қызылжар" арасында болған матчта өнер көрсеткен.

Алайда тәлтіректеп, қолынан микрофон түсіп кеткенін байқаған жанкүйерлер оның ішіп алғанын айтып, желіні шулатуда. 

Әнін де дұрыс айтпаған көрінеді. Біртүрлі биі оқырмандардың күдігін тудырды. 

"Ішіп алып шыққан ба? Дым ән айта алмай, әрең жүр", "Микрофон қолынан түсіп, әнді құртты", "Расындай солай болса құрметсіздік болған екен", "Денесімен ауызбіршілігі қашып жүр ғой", "Жыл сайын бірдеңе шығарады әйтеуір", "Ұят-ай", "Әншісымақтар тойынған әбден", - деп жазды оқырмандар.