$ 474.47  541.37  6.08

«Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ»: Жігер Ауыпбаев жас әйелі туралы қауесетке нүкте қойды

Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты.

Фото: instagram.com/jiger_auypbayev_official
Фото: instagram.com/jiger_auypbayev_official

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде жұбайының жүкті болғаны туралы тараған қауесетке пікір білдіріп, ел арасында айтылып жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Instagram парақшасында жасанды интеллект көмегімен әзірленген фотоларды жариялап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге де жетерміз. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, жуырда Жігер Ауыпбаевтың екінші рет отау құрғаны белгілі болған еді. Әнішінің таңдауы өзінен 15 жас кіші Мумина есімді аруға түскен. Бұған дейін ұзату тойынан тараған фото және видеолар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Ашулы 2