Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, Бүркітті ерекше кездесумен құттықтады.
Қазақстандық әнші Айбек Жансейітов (Бүркіт) әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньомен кездескенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлем футболының аңызы саналатын спортшымен арнайы суретке түсіп, ұлын қуанту үшін футбол добына қолтаңба алып бергенін жеткізді.
Бүркіт өзінің Instagram парақшасында ұлымен жазысқан хат алмасуын жариялады. Онда баласы әкесінен кумирімен міндетті түрде бірге суретке түсуді өтінген. Кейін әнші уәдесінде тұрып, Роналдиньомен бірге суретке түсіп қана қоймай, балаларына арнап футбол добына қолтаңба алғанын көрсетті.
Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, Бүркітті ерекше кездесумен құттықтады. Көпшілік Роналдиньоны әлем футболының аңызы деп атап, әншінің балаларына ұмытылмас сый жасағанын жазды.
Бүркіт пен жары, әнші Аиша төрт бала тәрбиелеп отыр. Олардың Омар мен Зейн есімді ұлдары, сондай-ақ Сафия мен Латифа есімді қыздары бар.