$ 472.03  540.29  6.11

«Бір әйелді бақытты қыла алмаған еркек»: Жанар Айжанова экс-күйеубаласы жайлы айтты (ВИДЕО)

"Болмайтын нәрсені ары қарай құрастырып керегі жоқ".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Жанар Айжанова "Мамский әңгіме" подкастында сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қызы Айжұлдызға ажырасқаннан кейін қалай қолдау көрсеткенін және экс-күйеубаласы жайлы алғаш рет айтты.

"Айжұлдыздың жағдайы әрине, қиын болды. Айтқым да келмейді. Бірақ бір-ақ нәрсені түсіндім. Болмайтын нәрсе. Әдеттегідей қызыма қолдау көрсеттім. "Жылама қызым, мұңайма. Бәрі уақытша, өтеді-кетеді. Ең бастысы балаңды аман-есен босанып ал. Керек болмаса, маған керек, саған керек. Рахатты көресің ертең. Ештеңе де қирап қалған жоқ. Ең бастысы сенің және баланың амандығы", - дедім. Әп-әдемі болып, баласын туып алды. Үмітсіз шайтан. Болмайтын нәрсені ары қарай құрастырып керегі жоқ. Бір әйелді бақытты қыла алмайтын шіркінді әңгіме қылып та керегі жоқ. Жалпы айтып жатырмын", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0