Қазір біздің жеті баламыз бар.
Танымал блогер Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен ортақ сәби сүюді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол бұл туралы журналист Шолпанға берген сұхбатында айтты. Динараның сөзінше, қазіргі таңда олардың отбасында жеті бала тәрбиеленіп жатыр. Соған қарамастан, ерлі-зайыптылар ортақ перзент сүйгісі келетінін жасырмады.
«Қазір біздің жеті баламыз бар. Бірақ Жұмабек екеуіміздің ортақ баламыз болғанын қалаймыз. Ондай жоспарымыз бар. Неге өз баламыз дүниеге келмеске? Жақын уақытта қуанышты жаңалықпен бөлісуіміз де мүмкін», – деді Динара Сәтжан.