$ 472.03  540.29  6.11

«Шаңын шығардым»: Гүлнұр Оразымбетова қызық оқиғасын бөлісті

Өнер иесі бала күнінде велосипед теуіп, ауыл көшесін шаңға бөлейтінін еске алып, анасының сол үшін жиі ұрысқанын айтты.

Фото: Гүлнұр Оразымбетова парақшасынан
Фото: Гүлнұр Оразымбетова парақшасынан

Қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағынан естелік айтып, оқырмандарына қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бала күнінде велосипед теуіп, ауыл көшесін шаңға бөлейтінін еске алып, анасының сол үшін жиі ұрысқанын айтты.

“Бала кезімде велосипед айдап, ауылдың көшесінің шаңын шығаратын едім. Кешке үйде ұлы ойбай… «Қыз бала велосипед тепкен не бәле, үйіңді жинап, сыпырмайсың ба? Ана қыз сораңдап тағы да велосипедпен кетті ме?» деп ұрысатын. Сөйткен Гүлнұр қазір велосипедті де, машинаны да жүргізе алмайды. Әке-шешеме соны айтып, бір күліп алдық. «Ұят, сені тепкішекпен сонша неге ұрдым екен?» деп анамның өзі күліп отыр. Сендерде де осындай жағдай болды ма?” – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жазбаға пікір қалдырып, өздерінің де балалық шақтағы қызықты естеліктерін бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0