$ 472.03  540.29  6.11

«Жүрегімнің қалауы»: Аша Матай Құрылтай депутаттығына сайлауға түспек (ВИДЕО)

"Әр адам өзі біледі ғой". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Не үшін депутат болғыңыз келеді деген сұраққа ол “жүрегімнің қалауы” деп жауап берді

"Әр адам өзі біледі ғой. Өзім қаладым. Жүрегімнің қалауы болды", - деді ол. 

Қазақстан Халық партиясы бүгін кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына арналған кандидаттар тізімін бекітті. Партиялық тізімге барлығы 72 адам енді.

Кандидаттардың арасында 15 адамның депутаттық тәжірибесі бар. Тізімге VIII сайланған Мәжілістің төрт депутаты – Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова кірді. Сонымен қатар бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен де бар.

Сондай-ақ, бұл партия атынан Құрылтвй сайлауына қатысатындардың арасында халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина және бірнеше журналист пен қоғам қайраткері бар.

Айта кетерлігі, партияның бұрынғы белді өкілі Магеррам Магеррамов бұл жолғы тізімге енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0