$ 464.71  531.26  6.05

«Жас қыз Қайрат Нұртастың үстінен арыз жазған»: Полиция мәлімдеме жасады

Кейбір жазбаларда қыз бен әншінің арасында жанжал туындап, оқиға орнына полиция шақырылғаны туралы ақпарат тарады.

Фото: instagram/kair_n
Фото: instagram/kair_n

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат тараған болатын. Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде жарияланған мәліметтерде 2006 жылы туған бойжеткеннің Қайрат Нұртасқа қатысты арыз түсіргені айтылған. Сондай-ақ кейбір жазбаларда қыз бен әншінің арасында жанжал туындап, оқиға орнына полиция шақырылғаны туралы ақпарат тарады.

Алайда Астана қаласының полиция департаменті зорлау дерегі расталмағанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілде күні «102» арнасына 2006 жылы туған қыздан қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Осы дерек бойынша заң талаптарына сәйкес тексеру жүргізілген.

«Алдын ала анықталғандай, қонақүйде болған екі адамның арасында жеке сипаттағы жанжал туындаған. Қазіргі уақытта бұл жағдай өз шешімін тапты», – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ полицияның мәліметінше, арызданушы кейіннен өз шағымын кері қайтарып, қойылған талаптарынан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0