Концерт 1 желтоқсанда Лима қаласында өтеді.
Димаш Құдайберген қыста Перуде өнер көрсетеді. Қазақстандық әртіс "DiMENSIONS" деп аталатын әлемдік гастрольдік туры аясында Лимада жеке концерт береді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Перуде өзінің DIMENSIONS атты үлкен концерттік бағдарламасын ұсынады.
Ол көрерменді сиқырлы музыкаға, әсерлі визуалды безендіруге және ұмытылмас эмоцияларға толы жаңа музыкалық саяхатқа шақырады. Бұл туралы Димаштың Instagram желісіндегі жазбасында айтылған.
Концерт 1 желтоқсанда Лима қаласында өтеді.
"Димашпен бірге дыбыс пен жарықтың мүлдем жаңа өлшеміне куә болуға дайындалыңыздар!" - делінген афишада.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қатты қуануда.
"Жеттік-ау осы күнге! Перуге қош келдің, Димаш!", "Керемет жаңалық. Перудің қымбатты тұрғындарын құттықтаймын. Димаш, сені барлық жерде күтеді!", "Латын Америкасы үшін күн жарқырайды, барлық концерттеріңде аншлаг болуын тілеймін", "Аргентина да сені күтуде!", "Перу әйелдері, қандай бақыттысыздар!" - деп жазды әншінің жанкүйері.