Өнер иесі сырқаттанып жүрген әріптесінің жағдайын білу үшін арнайы барып қайтқанын жеткізді.
Әнші Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты жақсы хабар айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі сырқаттанып жүрген әріптесінің жағдайын білу үшін арнайы барып қайтқанын жеткізді.
«Ақ Кенжештің жағдайын сұрап шықтық. Аллаға шүкір, жақсы болып келе жатыр екен», – деді Сәкен Майғазиев.
Сонымен қатар әнші Кенжебек Жанәбіловке медициналық көмек көрсетіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.