Алайда видеода актердің әншінің қолын ұстап отырғаны желі қолданушыларының назарын аударды.
Танымал әнші Мақпал Исабекова мен актер Қанат Тасхан желідегі видеосынан кейін сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иелері бірге бейнежазба жариялап, актер жаңа фильмде әншімен бірге ойнағанын айтты. Қанат Тасхан Мақпал Исабековаға жылы лебізін білдіріп:
«Мақпал, жаным, сенімен бірге бір сахнада болғаныма қуаныштымын. Айжамалдың орны ауысты», – деді.
Алайда видеода актердің әншінің қолын ұстап отырғаны желі қолданушыларының назарын аударды. Кейбір оқырман олардың әрекетін орынсыз деп санап, түрлі пікір қалдырды.
«Камера алдында емес дей ме?», «Осы күшті екен», «Ұят-ай», «Образдан шықпаған ғой мыналар», «Құсқың келеді», «Сабина, не болды Қанат?», – деп жазды көпшілік.
Олардың пікірінше, актер мен әншінің видеодағы жақындығы артық көрінген.