10.09.2026, 12:40

«Әйел адамға бәрібір керек екен»: Мөлдір Мұқан халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Продюсер бұл жаңалықты балаларына айтуға әлі батылы жетпей жүргенін де жасырмады. 

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан елордадан жаңа пәтер алғанын айтып, қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа баспана алғанын айтып, бұл жаңалықты көптен жасырмай бөліскісі келгенін жеткізді.

«Достар, сүйінші! Астана төрінен жаңа пәтер алдым! Бәрін сәтімен болғызған Аллаға шүкір! Мұндай жаңалықты бөліспей отыра алмадым», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Продюсер бұл жаңалықты балаларына айтуға әлі батылы жетпей жүргенін де жасырмады. Оның айтуынша, соңғы бір жылда өмірінде көп өзгеріс болған.

«Балаларға айтуға батылым жетпей жатыр. Өйткені бәрі тез-тез болып жатыр. Машина, атақ, әндер, қаралым. Білесіздер, жаңа өмір бастағаныма небәрі бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өмірім 360 градусқа өзгерді. Әйел адамға бәрібір керек екен ғой, иә, қыздар? Саған қорғаныш, мотивация, сенім беретін. Сол қорғаныш, сенім, мотивацияны Астана қаласының қақ ортасынан жаңа пәтер алып сезініп жатырмын», – деді продюсер.

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанды жаңа қонысымен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.