11.09.2026, 12:40

«Шексіз сүйемін!»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуін ерекше құттықтады

Коллаж: Sn.kz

"Жүрегімнің тыныштығы мен тірегім". 

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен фотоларын жариялап, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жазбасында жарына деген сезімін білдіріп, оның өз өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

«Жаным, туған күніңмен! Сенің өмірімде барың – маған берілген ең үлкен сый, жүрегімнің тыныштығы мен тірегім. Отбасымыздың берекесі мен асқар таудай тірегі болып, әрдайым аман жүрші. Армандарың мен мақсаттарың биіктеп, әр қадамың сәттілікке толсын. Әрқашан күліп, жарқырап жүре бер. Мен сені әрдайым шексіз сүйемін және барлық бастамаңа тірекпін», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының бірге түскен суреттеріне жылы пікірлерін білдіріп, оларға бақыт, отбасылық береке мен ұзақ ғұмыр тіледі.