14.09.2026, 17:20

«Құлыным»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың қандай әке екенін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жарияланған видеодан балалардың үйде ойнап жүрген сәтін көруге болады.

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова немерелеріне арнап жылы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Продюсер Threads парақшасында балалардың видеосымен бөлісіп, оларға ақ тілегін арнаған.

«Құлынымның құлыншақтары! Алла төрт көздерін түгел етіп, ұзақ әрі мәнді, ғұмырлы өмір берсін! 🙌 Жүрегімнің жүрекшелері», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Жарияланған видеодан балалардың үйде ойнап жүрген сәтін көруге болады.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшаларында отбасы мүшелері мен немерелерінің сәттерін оқырмандарымен бөлісіп отырады. Бұған дейін де БАҚ оның немерелері туралы жарияланымдарына назар аударған.