Әншінің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, отбасылық мәселелерге қатысты сырттан берілетін кеңестің жауапкершілігі туралы пікірлер айтылды.
Әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы мәселесіне араласатын коучтар мен түрлі кеңесшілер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі кейбір мамандардың кеңесі отбасылардың бұзылуына әсер етіп, балалардың толық отбасында тәрбиелену мүмкіндігінен айырылып жатқанын жазды.
«Қолымда билік болса, “коучсымақтар мен “данышпансымақтардың” сөзіне сеніп, ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай бақытсыз болып жатқан барлық әйелдердің бала-шағасын асырауды солардың мойындарына жүктер едім. Әйелдерінен айырылған еркектің ендігі үйленетін тойын, қызға берер қалыңмалын, бәрін солардың мойнына жүктер едім. Қияметте жауап бересіңдер. Бәріне топырақ шашпаймын. Алла және Пайғамбар сызып берген шеңберді бұзу – ауыр іс!» – деп жазды Ердос Қанаев.
Әншінің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, отбасылық мәселелерге қатысты сырттан берілетін кеңестің жауапкершілігі туралы пікірлер айтылды.