$ 441.91 € 499.05 ₽ 5.3

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева блогерлерді сынады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншінің пікірін қолдап, оның айтқанына қосылғандарын жазды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Айгүл Иманбаева отбасылық өмірді әлеуметтік желіде талқыламауға шақырды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасы мен бала-шағаны әлеуметтік желіде талан-таражға салуға болмайтынын айтып, жеке өмірді қаралым, жарнама немесе хайп үшін пайдалануға қарсы екенін жеткізді.

«Отбасыны, бала-шағаны әлеуметтік желіде талан-таражға салуға болмайды. Охват үшін, реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды. Бір құрбымнан естігенмін. «Ажырасқан» деп сұрасам, «Жоқ, хайп үшін» деп айтты. Видео контентті жақсы түсіреді, рискке көп барады. Бақыт тыныштықты жақсы көреді», – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің пікірін қолдап, оның айтқанына қосылғандарын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0