Анасы мен баласының әсерлі сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, көпшілікті тебірентті.
Танымал әнші Қайрат Нұртас шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған концертінде анасы Гүлзира Айдарбековаға халық алдында алғыс айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Анасы мен баласының әсерлі сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, көпшілікті тебірентті.
Концерт барысында Гүлзира Айдарбекова да сахнаға шығып, ұлының жетістігіне қуанышын білдірді.
«Рақмет. Міне, әр ана үшін өзінің баласының жетістігі — үлкен бақыт. Міне, осыдан 20 жыл бұрын әрбір ауылда, қалада 40-50 адам жинасақ, біз қуанатынбыз. Қазір сіздердің арқаларыңызда 40-50 мың адамға толып жатыр», — деді Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары әсерлі сәтке қатысты түрлі пікір қалдырды:
«Бірнеше рет "Мен мамамның баласымын" деп айтты», «Халықтың жұлдызы Қайрат, аман жүрсін», «Мамасы мықты екен, мен болсам жылайтын едім», «Мамасы бақыттан басы айналып тұрған шығар», «Шешесінің беті алжа-алжа болып, не деген жаман, массаж, спа деп бөсуші еді», «Қайрат күшеніп не ән айтып тұр?», «Мамасы дейміз ғой, бірақ титтейінен қолдаған әкесін де айтуымыз керек. Гүлзира конкурстарға сүйресе, материалдық жағдайын, ақшасын әкесі Нұрекең тауып, беріп отырған», — деді көпшілік.