29.10.2026, 10:00

«Шөпшек көреді»: Динара Сәтжан күтпеген жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ауылдағы балалық шағының естеліктерімен бөлісті. 

Танымал журналист Динара Сәтжан балалық шағын еске алып, Жаңаарқада өткен жазғы демалысы туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ауылдағы балалық шағының естеліктерімен бөлісті.

Журналистің айтуынша, мектепте оқып жүргенде жазғы демалысты асыға күтіп, үш ай бойы Жаңаарқада уақыт өткізетін. Ол кезде сабақ кестесі мен оятқышсыз, еркін өмір сүріп, алаңсыз ұйықтайтын.

«Қазір тіпті бес жұлдызды қонақүйде де дәл сол кездегідей қанып ұйықтай алмаймын. Таңертең мені дайын ботқа күтіп тұратын. Ал сыртта күнге қыздырылған жылы суға толы ванна бар еді. Кешке сиырларды қарсы алатынмын.

Ата-анамды іздегенім есімде де жоқ. Өйткені жанымда өз адамдарым болды. Туғандарым. Ең бастысы, бала кезімде өзімді қауіпсіз сезінетінмін», – деп жазды Динара Сәтжан.

Журналист туған-туыстарының әлі күнге дейін өзі үшін күш-қуат алатын, ешкімге ұнауға тырыспай-ақ, өз қалпында бола алатын ерекше мекен екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол келесі жылы атасының 90 жасқа толатынын айтып, оның өмірлік күш-қуаты азайғанымен, әлі де күрескер екенін жеткізді. Динара Сәтжан атасының шөпшегін көруіне тілектес екенін де жазды.

Желі қолданушылары журналистің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, атасына ұзақ ғұмыр тіледі.