30.10.2026, 12:00

«Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты

Бейнежазбадан

Белгілі әртіс әрі продюсер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың фильмімен бір уақытта шықпас үшін өз туындысының көрсетілімін кейінге қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі «Сүйемін деші» атты жаңа киносын қараша айының ортасында көрерменге ұсынуды жоспарлаған болатын. Алайда дәл сол уақытқа Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмінің де тұсаукесері белгіленгені белгілі болған соң, премьера мерзімін ауыстыруға мәжбүр болған.

«Қысқасы, қараша айының ортасына қойғанмын. Сөйтсем, бір кісілердің киносы да сол кезге қойылып қойыпты. «Хайп қуалады» деп айта ма деп, шынымды айтсам, киноны тағы да шегердім. Амал жоқ, ұялдым. «Соңыра» деген киноларын қойыпты ғой», — деп түсіндірді Дархан Мұсаев.

Әртістің айтуынша, екі фильмнің көрсетілім мерзімінің сәйкес келуі көпшілік арасында түрлі қаңқу сөз тудыруы мүмкін болғандықтан, осындай қадамға баруды жөн көрген.