30.10.2026, 12:40

«Әпкемізді ренжіткен адамды жақтырмаймыз»: Тұрсынбек Қабатовтың афишасы дауға қалды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Желі қолданушыларының бірі Қостанай көшелерінің біріндегі хабарландыру тақтасына түсірілген видеоны жариялаған. 

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушыларының бірі Қостанай көшелерінің біріндегі хабарландыру тақтасына түсірілген видеоны жариялаған. Кадрдан әзілкештің концертіне арналған афишадағы суреттің басқа хабарландырумен жабылып қалғанын көруге болады. Видео авторы бұл жағдайды Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты оқиғалармен байланыстырып, әзілдеген.

«Тұрсынбек Қабатов, Қостанай сізге қатты ренжіп қалыпты ғой. Концертіңіздің хабарландыруын жауып тастаған. Бетіңіз жоқ. Астында атыңыз бар әйтеуір, бірақ бетіңіздің үстіне іліп кетіпті. Мөлдір әпкені ренжітпеу керек еді. Әпкемізді ренжіткен адамды жақтыра қоймаймыз», – деді желі қолданушысы.