"Сол күнге де амандықпен жетсек, тіпті керемет болар еді".
Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында армандарының біртіндеп орындалып жатқанын жеткізді.
«Осыдан тура бір жыл бұрын Нұрсейіт Жылқышыбай бауырым бір тілек айтып еді. Шүкір, уақыт өте келе сол тілектердің біртіндеп орындалып жатқанын көріп жүрміз.
Кино түсірдік, монтаж жұмыстары толық аяқталды. Енді фильмімізді еліміздің барлық кинотеатрларында үлкен экранға шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Аллаға шүкір, шаңырақ көтердім. Ендігі арманымыз — нәрестелі болып, сәбидің тәтті күлкісін есту. Сол күнге де амандықпен жетсек, тіпті керемет болар еді.
Кейде бір жыл бұрынғы армандарыңа бүгінгі күніңнен қарап, Аллаға шүкір айтасың. Әлі де орындалмаған талай тілек бар. Бәрі де өз уақытымен, қайырлысымен болсын!» — деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, сәби сүю туралы арманының орындалуына тілектестік білдірген.
«Осы сынақ сізге бала сүю үшін берілген сияқты», «Жарыңызға менің жолымды беріп, егіз ұл тапсын», «Бақытты болыңыздар», «Ұлды, қызды болыңыз», «Өміріңіз осылай өзгергеніне қуаныңыз, жаратушының есебі дұрыс», — деп жазды олар.