05.11.2026, 01:30

«5 млн теңге сыйлады»: Олжас Абай мен Дариға Бадықова тойдан кейін алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Сұхбат барысында журналист жас жұбайлардан тойда кімнің ерекше сыйлық жасағанын сұрады. 

Танымал актерлер Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Олар журналист Динара Сәтжанға тойдың қалай өткенін айтып, ерекше сыйлық жасаған азаматтың есімін де атады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында журналист жас жұбайлардан тойда кімнің ерекше сыйлық жасағанын сұрады. Олжас Абайдың айтуынша, өнердегі ағасы, кино саласында қолдау көрсетіп жүрген Алмас Малдыбаев оларға 5 миллион теңге сыйлаған.

«Айта берейін бе? Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дейді. Барлықтарыңызға сәлем бердім. Әулетімізде жақсы жаңалық болды, көріп жатсыздар. Бұл – алғашқы сұхбатымыз, толқып отырмыз. Той жақсы өтті. Халық тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Ең күшті сыйлықты өзіміздің ағамыз, кино әлемінде алға жылжуымызға әсер еткен, Кинопарктың басшысы Алмас Малдыбаев жасады. Ол 5 миллион теңге қаражат берді. Осы сәтті пайдалана отырып, Алмас мырзаға разылығымды, інілік құрметімді білдіргім келеді», – деді Олжас Абай.

Ал желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, түрлі пікір қалдырды. Бірі «Күлкінің өзі кино» десе, енді бірі «Бақыт тілейміз», «Қонақтар от» деп жазды.