Ол көпшілік алдында өзін еркін ұстап, шет тілінде еркін сөйлеген.
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні, Заңғар Нұртастың бұрынғы жұбайы Жібек Қайратқызы халықаралық форумда жүргізуші болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық, зерттеулер және білім беру» атты форумнан үзіндіні Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеода Жібек мінберге шығып, қатысушылар алдында ағылшын тілінде сөйлейді.
Жазба авторлары оның көпшілік алдында өзін еркін ұстап, шет тілінде еркін сөйлегенін атап өтті.